Қуаныш сыйлады

Қуаныш сыйлады
almaty-akshamy.kz

Алматы  қаласы  Жұмыспен  қамту  және  әлеуметтік бағдарламалар басқармасына қарасты  «Парасат»  әлеуметтік  қызмет  көрсету орталығы КММ басшысы Закирбаева  Лязаттың басшылығымен  Қарттар күні   мен  мүмкіндігі  шектеулі  жандардың  айлығы аясында,   орталықтың  қызмет  алушыларын  «Голд»  кафесіне  түскі  асқа шақырып, қайырымдылық  іс-шарасын  өткізді. 

Құрманғазы атындағы  Қазақ  ұлттық  консерваториясы  мен  Қазақ  ұлттық  қыздар  педагогикалық   университетінің  студенттері  және  Алматы  сервистік қызмет көрсету колледжі  жастарынан  құралған «Япурай» би тобы мен әлеуметтік  қызметкерлер  ән мен күйден  шашу шашып, би билеп,  қонақтардың көңіліне  қуаныш сыйлады. 


Мереке  соңында  қызмет  алушыларға  сыйлықтар  табысталды.  Ал өз кезегінде қызмет  алушылар  әлеуметтік  қызметкерлерді  алда келе жатқан төл мерекесімен  құттықтады.