ҚТЖ Алматыдағы оқу орнын қайтарып алды

ҚТЖ Алматыдағы оқу орнын қайтарып алды
Сурет: acalt.edu.kz

Сот жоғары оқу орнының акцияларын ұлттық компанияға қайтару бойынша ҚТЖ талаптарының заңдылығын растады, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz Kazinform-ға сілтеме жасап.

Жоғары оқу орнының базалық профилін сақтау, кадрлар даярлау және ҚТЖ құзыреттілік орталығын құру үшін ЖОО активтерін қайтару жұмыстарын жүргізді. Компанияның бұл ұстанымын ардагерлер де, саланың қазіргі қызметкерлері де қолдаған.

"Қазақстан темір жолы" АҚ-ның мәліметінше, 2022 жылы ҚТЖ бас прокуратураға компанияның бұрын жекешелендірілген активтерінің тізімін ұсынған. Онда негізгі нысандардың бірі «М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясы» АҚ (қазіргі «Логистика және көлік академиясы») болды. 2018 жылы ҚазККА акцияларының 100% пакетін «Alimax Group» ЖШС 10 250 999 999 теңгеге сатып алды.

"Сатып алу-сату шартына сәйкес сатып алушы 5 жыл ішінде ҚазККА акцияларының 100% пакетіне қатысты мәмілелер (қайта сату, кепіл, басқаруға беру және басқалар) жасауға құқығы жоқ. Сатып алушы мәміленің осы шарттарын бұзған. Яғни, ҚазККА-ның 100% акцияларын жаңа заңды тұлғаға бере отырып, меншік иесінің компаниясын (Alimax) қайта ұйымдастыру жүргізілді. Бұл ҚазККА-ны ҚТЖ пайдасына қайтару туралы бірінші және екінші сатыдағы соттардың шешім қабылдауына негіз болды", - деп хабарлады ҚТЖ - да.

ҚТЖ салада тиімді жұмыс істеу үшін қажетті білімі мен дағдылары бар мамандарды даярлау үшін үздік отандық және әлемдік тәжірибелерді қолдануды жоспарлап отыр.

Айта кетейік, Логистика және көлік академиясы 1931 жылы құрылған. Ол теміржол, автокөлік, су көлігі және коммуникацияға қажетті білікті студенттерді даярлауда Қазақстанның негізгі мамандандырылған жоғары оқу орны болып табылады. Оның құрамына Алматы, Астана, Ақтөбе, Шымкент, Ақтау қалаларындағы 5 колледж кіреді.