КСРО-ның соңғы үкімет басшысы қайтыс болды

КСРО-ның соңғы үкімет басшысы қайтыс болды
Сурет: Ғаламтордан алынды

КСРО үкіметінің соңғы басшысы Николай Рыжков 95 жасында дүниеден озды, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 

Қоғам қайраткерінің ақтық демі Мәскеу қаласында шықты. 1980 жылдардың ортасындағы экономикалық жаңалықтарда жетекші рөл атқарған ол алғаш шағын кәсіпкерлікті қолдауға қарай бет бұрған. 

 Атап айтқанда, КОКП Орталық Комитетінің 1987 жылғы маусым пленумында шаруашылық механизмін реформалауға дайындау, «Мемлекеттік кәсіпорын туралы», «Жеке еңбек қызметі туралы» және «Кооперация туралы» заңдардың қабылдануына атсалысқан.

1990 жылдың 25 желтоқсанында КСРО президенті Михаил Горбачев оны қызметінен босатқан.