ҚР Президенті 17-19 мамырда Қытайға мемлекеттік сапармен барады

ҚР Президенті 17-19 мамырда Қытайға мемлекеттік сапармен барады

Сапар аясында Қ. Тоқаев «Орталық Азия + Қытай» саммитіне қатысады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев биыл 17-19 мамырда Қытай Халық Республикасына мемлекеттік сапармен барады, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz Ақордаға сілтеме жасап.

«Мемлекет басшысы Сиань қаласында ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен келіссөз жүргізеді. Кездесу барысында екі ел арасындағы стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайту, сауда және экономика, инвестиция, көлік-логистика, энергетика салаларындағы ынтымақтастықты кеңейту, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық байланыстарды тереңдету мәселелері қарастырылады».

Сондай-ақ Президент Қытайдың ірі компанияларының басшыларымен кездеседі деп жоспарланып отыр.

“Бұдан бөлек, сапар аясында Қасым-Жомарт Тоқаев «Орталық Азия + Қытай» саммитіне қатысады”, - делінген мәліметте.