ҚР Қарулы Күштерінің Әуе қорғанысы күштеріне жаңа бас қолбасшы тағайындалды

ҚР Қарулы Күштерінің Әуе қорғанысы күштеріне жаңа бас қолбасшы тағайындалды
Сурет: министрлік

29 желтоқсан күні Мемлекет басшысының өкімімен Дәурен Жұматайұлы Қосанов Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Бұл ақпарат Ақорданың ресми сайтында жарияланды.

Ал Нұрлан Орманбетов Президенттің өкімімен Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы лауазымынан босатылды.