Қостанайлық «Тобыл» қатарынан екі жыл футболдан Қазақстан суперкубогінің иегері атанды

Қостанайлық «Тобыл» қатарынан екі жыл футболдан Қазақстан суперкубогінің иегері атанды
Сурет: Footboom.kz

Алматылық «Қайрат» командасы 2:1 есебімен «Тобылға» есе жіберіп алды.

«Астана-Аренада» суперкубокті өткен маусымның чемпионы қостанайлық «Тобыл» мен кубок иегері алматылық «Қайрат» өзара сарапқа салды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Almaty.tv сайтына сілтеме жасап.

Бірінші болып Қазақстан чемпиондары есеп ашты. Алматылық команда қорғаушылары өздерінің айып алаңында қарсыласты шалып жығып, соның арқасында қостанайлық Серікжан Мужиков пенальти теуіп, мүлт кетпеді. 10 минуттан кейін алматылық клубтың легионері Жоао Паолоның алыстан тепкен добы қақпа торына дөп келді. Осылайша бірінші кезеңде есеп тең түсті: 1:1.

Екінші кезеңде VAR халықаралық жүйесінің тәсілі қолданылды. Бас төреші Данияр Сахи даулы жағдайда электронды жүйенің көмегіне жүгініп, «Тобыл» қақпасына қарай 11 метрлік айыппұл соққысын тағайындады. Алайда 62 минутта «Тобыл» қақпасына белгіленген пенальтиді «Қайрат» футболшысы Рикарду Алвеш нысанаға тура бағыттай алған жоқ.

Есесіне 83 минутта қостанайлық футболшы Айбар Жақсылықов жеңіс голын соғып кетті. Осылайша «Тобыл» қарсыласынан 2:1 есебімен басым түсті. Қостанайлық клуб екінші жыл қатарынан суперкубок иегері атанды.