Қостанай әуежайына Ахмет Байтұрсынұлының есімі беріледі

Қостанай әуежайына Ахмет Байтұрсынұлының есімі беріледі

Үкімет Қаулысының жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланды.

Құжатта «Қостанай» халықаралық әуежайы» акционерлік қоғамына Ахмет Байтұрсынұлының есімі берілсін» делінген, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Үкімет Қаулысы 29 сәуірге дейін қоғамдық талқылауға шығарылды.

Бұған дейін «Орал» халықаралық әуежайының атауы Мәншүк Мәметова атындағы әуежай деп өзгертілген болатын.

Ахмет Байтұрсынұлы – мемлекет және қоғам қайраткері, Алаш қозғалысының рухани көсемі, қазақ әліпбиінің тұңғыш реформаторы, ғұлама, ел тарихында өшпес із қалдырған ұлт ұстазы.