Жеңіс парады неге өткізілмейді?

Жеңіс парады неге өткізілмейді?
Сурет: Vlast.kz

Мақсат – бюджет қаражатын үнемдеу.

Дегенмен, мерекеге орай әскери-патриоттық іс-шаралар өткізу жоспарланған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚР Қорғаныс министрлігі биыл Жеңіс күніне арналған әскери парадтың не үшін өткізілмейтінін түсіндірді.

«2022 жылы Қазақстанда әскери шеру өткізу бюджет қаражатын үнемдеу үшін, сондай-ақ басқа да міндеттерді шешу қажеттігіне байланысты жоспарланбаған. Атап айтқанда, Қазақстан Қарулы Күштері бөлімшелерінің жауынгерлік әзірлігі мен ұтқырлығының қажетті деңгейіне қолдау көрсету, мемлекеттік және әскери нысандарды күзету мен қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді орындауға басымдық беріледі», - деп жауап берді Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Бұған дейін Қорғаныс министрлігі 2022 жылы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылғанына 30 жыл толуына және 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне арналған әскери парадтың өтпейтінін хабарлаған еді. Дегенмен, мерекеге орай әскери-патриоттық іс-шаралар өткізу жоспарланған.