Көші-қон полициясы: былтыр Алматыға 99 мың шетелдік келген

Көші-қон полициясы: былтыр Алматыға 99 мың шетелдік келген
Сурет: Polisia.kz

 Өткен жылы қалада заңсыз көші-қонның 17 арнасы анықталып, жолы кесілді.

2022 жылы қалада уақытша жүрген шетелдіктердің саны 99138 адамды құраған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

«Өткен жылы көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 35938 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның 8824-і шетел азаматы. Әкімшілік жолмен 695 шетелдік елден шығарылды. 1828 басқа елдің азаматы жеке басын куәландыратын құжаттары болғаны үшін ПД-ның қабылдап-тарату бөліміне орналастырылды. Сонымен қатар шетелдік жұмыс күшін тарту ережелерін бұзған 195 жұмыс беруші әкімшілік жауапкершілікке тартылды», – дейді Алматы қалалық ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов.