Көші-қон полиция қызметі мәлімдеме жасады

Көші-қон полиция қызметі мәлімдеме жасады
gov.kz

Қарағанды облысында жыл басынан бастап полиция қызметкерлері елімізге келу заңын бұзған 370 шетелдіктерді және оларды жұмысқа тартқан 45 жұмыс берушіні анықтады, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

Шетелдіктердің көбісі құрылыс алаңдарында, көлік жөндеу, жиһаз жасау орындарында, шаштараз, дәмханаларда және дүкендерде жұмыс істеген. Шетелдіктіктерді елден шығаруға немқұрайлы қарап, оларға жатын орын берген 21 Қазақстан азаматы жауапкершілікке тартылды.

  • Мәселен, заңсыз жүрген шетелдіктерді анықтау мақсатында құрылған мобильдік топ қызмектерлерімен тұрғын үй кешендерінің бірінде заңсыз жұмыс жасап жатқан 9 шетел азаматы анықталды. Құқық бұзушылар мен оларға жұмыс берушілер әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
  • Сонымен қатар Қарағанды облыстық полиция департаментінің қызметкерлерімен Алматы қаласында сот шешімін орындамай жүрген 37 жастағы жақын шетел азаматына қатысты кешенді іздестіру іс-шарасы жүргізілді. Ол азаматты полиция қызметкерлері анықтап, Қазақстан Республикасы аумағынан шығарылды.

– Көші-қон полиция қызметі азаматтарға ескертеді. Заңсыз жүрген шетел азаматын жұмысқа тарту бойынша әкімшілік құқық бұзушылық кодексіне сәйкес 2 584 400 теңге әкімшілік айыппұл немесе 200 сағат қоғамдық жұмысқа тарту не болмаса 50 тәулікке қамауға алу жазасы көзделетінін еске салады. Ал заңсыз жүрген шетел азаматтары елден шығарылады, – деді көші-қон қызметі басқармасы бастығының міндетін атқарушы Арман Уалиев.