Бейжің Олимпиадасында ковидтік шаралар қатаңдатылады

Бейжің Олимпиадасында ковидтік шаралар қатаңдатылады
Сурет: М.sports.ru

Індет Олимпиадағада әсерін тигізді

Халықаралық Олимпиада комитеті 2022 жылғы Бейжің Олимпиадасында ковидке қарсы шаралардың Токиомен салыстырғанда қаталырақ болатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Токио Олимпиадасымен салыстырғанда бірнеше маңызды айырмашылық бар. Біріншіден, «жабық жүйеге» өту үшін міндетті түрде толығымен вакциналанған болуы тиіс. Екіншіден, әрбір қатысушы күн сайын ПТР тест тапсырады. Ал Токиода тек Олимпиадалық ауылға кіретін тұлғаларға ғана күн сайын ПТР тапсыру міндет болған», - деді ХОК өкілі . 

Еске сала кетейік, Бейжіңдегі қысқы ойындар 2022 жылдың 4-20 ақпаны аралығында өтеді.