Қоржынға алтыншы медаль түсті

Қоржынға алтыншы медаль түсті
Сурет: ҚР Спорт және туризм министрлігі

10 метрден пневматикалық винтовкадан оқ атудан аралас командалық сайыста Ислам Сатпаев пен Александра Ле қола жүлдеге ие болды.

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан ХІХ Азия ойындарында Қазақстан құрамасы тағы бір жүлделі орынға қол жеткізді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

10 метрден пневматикалық винтовкадан оқ атудан аралас командалық сайыста Ислам Сатпаев пен Александра Ле қола жүлдеге ие болды.

Медаль үшін күресте Қазақстан құрамасының спортшылары Иран командасын 17:11 есебімен жеңді.

"Ислам мен Александраны Азия ойындары жүлдесімен құттықтаймын. Олар Ираннан келген қарсыластарын сенімді түрде жеңіп, тағы да шеберліктерін көрсетті. Отандық оқ ату спорты қарқынды дамып келеді және мұндай жетістіктер осының жарқын дәлелі", – деді Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев.