Қоржында үш алтын

Қоржында үш алтын
Сурет: Интернет

Қазақстан су спорты бойынша Азия чемпионатында тағы үш алтын жеңіп алды

Сонымен қатар, командамыздың қоржыны екі күміс жүлдемен толықты, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 

Жарыс Филиппин елінде өтіп жатыр. Бұған дейін спортшыларымыз 30 алтын, 20 күміс және 7 қола медаль жеңіп алған болатын.

Азия чемпионатының жалпы командалық есебінде ұлттық құрама екінші орында келеді. Жапония құрамасының алдына ешкім түсер емес.