Коронавирустың жаңа штамы Астанаға да жетті

Коронавирустың жаңа штамы Астанаға да жетті
Сурет: Elorda.info

Желтоқсан айының басынан бері Астанада коронавирус инфекциясының 322 жағдайы тіркелді.

Науқастардың 167-сі егілген, оның ішінде 117 адам екінші компонентті алған. 50 адам ревакцинацияланған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 

«Қазақстан үшін жаңа субгенетикалық BQ.1.1 желісі, «омикрон» штаммының «Cerberus» бейресми атауы ашылды. Ауру көрсеткіші өсу үрдісімен байқалады. Естеріңізге сала кетейік, «цербер» коронавирусының жаңа штамы алдыңғы нұсқалардың бірі – омикронның тармағына жатады», - деді баспасөз мәслихатында елордалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Жанна Пралиева.

Мамандар жаңа штамм өте жұқпалы екенін атап өтті. Жаңа ковид мутациясының белгілері ЖРВИ белгілерімен бірдей: жоғары қызба, буындардың ауыруы және әлсіздік. Бұл ретте мамандар «цербер» адам өміріне ерекше қауіп төндірмейтінін айтады.