Коронавирустан қорғануға қанша антидене керек?

Коронавирустан қорғануға қанша антидене керек?
Сурет: Gazeta.ru

Гамалея орталығының басшысы Александр Гинцбург коронавирустан қорғану үшін жеткілікті антиденелердің мөлшерін атады.

Мәскеу денсаулық сақтау басқармасымен бірлесе жүргізілген зерттеу нәтижелері туралы ол «Известия» газетіне берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz  Lenta.ru сайтына сілтеме жасап.

Ғалымның айтуынша, дельта штаммынан толық қорғану үшін халықаралық бірліктегі 300 антидене қажет. Егер көрсеткіш бұл шамадан төмен болса, онда Sputnik Light арқылы вакцинациялау қажет. Осыдан кейін антиденелердің деңгейі 350-400 бірлік аймағында болса, онда сізге «Sputnik V» екінші компонентін егуге болады. Гинцбург 500 және одан жоғары антиденелер көрсеткіші COVID-19 инфекциясынан қорғану үшін жеткілікті дейді.

Маманның түсіндіруінше, халықаралық бірліктер деген жақында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) енгізген антиденелерді өлшеудің жаңа стандартын білдіреді. Бұған дейін антиденелердің мөлшерін анықтайтын әр түрлі бірлікте өлшейтін түрлі тесттер болған.

«Енді біз антиденені бұрынғыдай титрлар бойынша да, позитивтілік коэффициенті бойынша да емес, халықаралық бірліктер бойынша салыстыруымыз керек», - деп түсіндірді ол.