Теннинстен Қазақстан құрамасы Билли Джин Кинг Кубогының іріктеу сайысында Германиямен кездеседі

Теннинстен Қазақстан құрамасы Билли Джин Кинг Кубогының іріктеу сайысында Германиямен кездеседі
Сурет: Olympic.kz

Прага қаласында әйелдер құрамалары арасында 2022 жылы өтетін Билли Джин Кинг кубогы іріктеу сайыстарының жеребесі тартылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап. 


Еліміз құрамасы Нұр-Сұлтанда Германиямен кездеседі. Матч 2022 жылы елордада 15-16 сәуірде өтеді. Егер қазақстандық қыздар жеңген жағдайда алғаш рет финалдық кезеңге жолдама алып, бас жүлдені сарапқа салатын болады. Қазақстан құрамасы осы іріктеу сайысына биылғы сәуірде Аргентина теннисшілерін 3:2 есебімен жеңгеннен кейін өткен еді.