Несие алуға көмектесемін деп зейнеткердің телефонын иемденіп алған алаяқ ұсталды

Несие алуға көмектесемін деп зейнеткердің телефонын иемденіп алған алаяқ ұсталды
Сурет: Polisia.kz

Теміртауда 33 жастағы ер адам зейнеткердің телефонын заңсыз иемденіп кетті


Теміртауда алаяқ несие алуға көмектесемін деген желеумен зейнеткердің ұялы телефонын алып, қашып кеткен, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Polisia.kz ақпаратына сәйкес, 4 қазанда 64 жастағы қала тұрғынынан Қарағанды ​​облысы Теміртау қаласының ПБ Шығыс полиция бөліміне арыз түскен. Арызданған зейнеткер белгісіз біреудің алаяқтық әрекеттерінің құрбаны болғанын айтты.

Анықталғандай, жәбірленуші ұялы телефоны арқылы несие рәсімдеуді жоспарлап, өзіне сенім ұялатқан бейтаныс адамнан көмек сұраған. Күдікті жәбірленушінің ұялы телефонын алып, қашып кеткен. Келтірілген шығын 120 мың теңгені құрады.

ҚР ҚК 190-бабы (Алаяқтық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. 13 қазанда жедел-іздестіру шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдікті – 33 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Ол қылмысын мойындап, қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр.