Коронавирусқа шалдыққан 47 науқастың жағдайы өте ауыр

Коронавирусқа шалдыққан 47 науқастың жағдайы өте ауыр
Сурет: Coronavirus2020.kz

ҚР-да коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 2022 жылғы 4 наурыздағы ақпарат 

2022 жылғы 4 наурыздағы мәлімет бойынша, 17 077 адам коронавирус инфекциясынан (15 960 КВИ+ және 1 117 КВИ-) емделуде, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚР Денсаулық сақтау министрілігіне сілтеме жасап. 

Олардың ішінде 1 808 пациент стационарда, 15 269 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында 133 адамның жағдайы ауыр, 47 пациенттің жағдайы өте ауыр, 37 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.