Коронавирусқа қарсы вакцина салу жалғасып жатыр

Коронавирусқа қарсы вакцина салу жалғасып жатыр
Сурет: Ашық дереккөз

Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы екпе егу жалғасып жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

Министрліктің бүгінгі мәліметі бойынша Қазақстанда екпенің I компонентімен 10 840 432, II компонентімен 10 600 782 адам егілді. Сондай-ақ, 5 584 450 адам ревакцинацияланды.