Коронавирусқа қарсы вакцина алған жүкті әйелдердің саны 35 мыңнан асты

Коронавирусқа қарсы вакцина алған жүкті әйелдердің саны 35 мыңнан асты
Cурет: Inbusiness.kz

20 наурыздағы мәлімет бойынша Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның бірінші компонентін 9 441 289 адам, екінші компонентін 9 122 012 адам салдырды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

20 наурызға дейін «Pfizer» вакцинасының I дозасын 927 920 адам, ІІ дозасын 754 967 адам салдырды. Оның ішінде: І компонент - Жасөспірімдер – 770 027 - Жүкті әйелдер – 35 038 - Бала емізетін әйелдер – 122 690. ІІ компонент - Жасөспірімдер – 630 930 - Жүкті әйелдер – 27 616 - Бала емізетін әйелдер – 96 352.