Коронавирус: Еліміздің бүкіл өңірі «жасыл» аймақта тұр

Коронавирус: Еліміздің бүкіл өңірі «жасыл» аймақта тұр
Cурет: Inform.kz

21 наурыздағы Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Қызыл» және «сары» аймақтарда бір де бір өңір жоқ.

Бүкіл қалалар мен облыстар «жасыл» аймақта тұр: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Ақмола, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Түркістан облыстары.