Коронавирус: «қызыл» аймақта екі облыс қана қалды

Коронавирус: «қызыл» аймақта екі облыс қана қалды
Cурет: 24.kz

Алматы қаласы «жасыл» аймақта

15 қарашадағы Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Қызыл» аймақта Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары орналасқан.

«Сары» аймақта Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, Қарағанды, Қостанай облыстары тұр.

«Жасыл» аймақта - Алматы, Шымкент қалалары, Ақтөбе, Атырау, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстары.