Баға бақылауда болады

Баға бақылауда болады
Сурет: Inbusiness.kz

Азық-түлік қоры да жеткілікті.

Сауда және интеграция вице-министрі Ерлан Баттақов осылай деді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Дүкендер тұрақты түрде тексеріліп тұрады.Елімізде 1,3 млн тонна азық-түлік тауарларының қоры бар, бұл халықтың қажеттілігін қамтамасыз ету үшін жеткілікті.

«Бағаның негізсіз өсуіне және алыпсатарлыққа жол бермеу үшін республикалық және жергілікті атқарушы органдар дүкендердің сауда үстемесін сақтауы бойынша тұрақты тексерулер жүргізеді», - дейді Баттақов бүгінгі үкімет отырысында.