Қазақстандық дзюдошылар жастар арасындағы Азия чемпионатында төрт медаль алды

Қазақстандық дзюдошылар жастар арасындағы Азия чемпионатында төрт медаль алды
Сурет: Inform.kz

Нұрқанат Серікбаев алтын медальды иеленді.

Таиланд бұл күндері дзюдодан жастар арасындағы Азия чемпионатын қабылдауда. Бірінші күні қазақстандық команда төрт бірдей медальмен марапатталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Olympic.kz сілтеме жасап. 

60 келіге дейінгі салмақта Нұрқанат Серікбаев алтын иеленді. Мерей Махамбетов жарысты екінші орында аяқтады. 

66 келіге дейінгі салмақта Нұрсұлтан Зайзағалиев тұғырдың екінші сатысына көтерілді. Жаңарыс Рахметқали қола медаль иегері атанды.