Коронавирус жұқтырғандар саны азайды

Коронавирус жұқтырғандар саны азайды
сурет: ашық дереккөзден алынды

Елімізде коронавирус жұқтырғандардың тәуліктік көрсеткіші айтарлықтай төмендеді.

Өткен бір тәулікте коронавирус инфекциясы 38 адамнан анықталды, Аlmaty-akshamy.kz Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

5 ақпандағы мәлімет бойынша, 1 726 адам коронавирус инфекциясынан (–1 560+ және 166 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 121 пациент стационарда, 1 605 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: 2 адамның жағдайы ауыр, 3 пациенттің жағдайы өте ауыр, 1 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Еске салсақ, 4 наурыздағы мәлімет бойынша, бір тәулікте коронавирус инфекциясы 86 адамнан табылған болатын.