Коронавирус пневмониясынан 1 адам қайтыс болды

Коронавирус пневмониясынан 1 адам қайтыс болды
Cурет: Inform.kz

14 адам пневмониядан емделіп шықты

Қазақстанда коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмониядан 1 адам қайтыс болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

26 наурыздағы мәліметке сәйкес, ел өңірлерінде коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияның 3 жағдайы анықталды, 14 адам емделіп шықты, 1 науқас қайтыс болды.

2020 жылғы 13 наурыздан 2022 жылғы 26 наурызға дейін коронавирус пневмониясы жалпы 88 606 адамда тіркелді, соның ішінде 82 237 адам жазылып шықты, 5352 науқас қайтыс болды.