Қорқор шеккізген мейрамханалар шығынға батады

Қорқор шеккізген мейрамханалар шығынға батады
Сурет: интернеттен

Тыйым салу туралы норма 2020 жылы қабылданған.

Қазақстанда кальян шегуге рұқсат еткен мейрамханалар мен барлардың иелеріне салынатын айыппұл сомасы ұлғаяды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

"Мейрамханалар мен барларда кальян шегетінін бәріңіз де білесіздер. Бүгінгі заңнама тұтынушының өзіне ғана шара қолдану мәселесін реттейді, бірақ рестораторлар мен кәсіпкерлерге қатысты норма жоқ. Осыған байланысты біз жауапкершілікті күшейтуді көздеп отырмыз. Яғни айыппұл мөлшерін ұлғайту және рестораторлар мен кәсіпкерлерге қатысты норма қабылдау туралы ұсыныс енгіздік", - деді Денсаулық сақтау министрлігі медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті директорының орынбасары Гүлнәр Сәрсенбаева.

Қоғамдық орындарда кальян шегуге тыйым салу туралы норма 2020 жылы қабылданған. Бірақ елімізде ШОБ субъектілерін тексеруге мораторий жарияланғандықтан, бұл норма орындалмаған. Азаматтар тарапынан шағым болмағандықтан, оларды тексеру де мүмкін болмаған.