Қорғаныс министрлігіне БҰҰ өкілдері келді

Қорғаныс министрлігіне БҰҰ өкілдері келді
Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігі

Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Сұлтан Камалетдинов БҰҰ ұйымы Бас хатшысының заң үстемдігі және қауіпсіздік мекемелері жөніндегі көмекшісі Александр Зуев бастаған делегациясымен кездесті, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz.

Тараптар Біріккен Ұлттар Ұйымымен бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау саласындағы өзара іс-қимылдың ағымдағы және алдағы даму бағыттарын талқылады.

Қазақстанның бітімгерлік бастамаларын іске асыру мәселелері, дағдарыстық жағдайды бейбіт жолмен реттеуді қамтамасыз етуге бағытталған БҰҰ-ның жобаларын қолдау тұрғысынан өзара іс-қимыл перспективалары да жеке талқыланды.