Қорғаныс министрлігі ШЫҰ шеңберінде өзара іс-қимылды дамытуда

Қорғаныс министрлігі ШЫҰ шеңберінде өзара іс-қимылды дамытуда
Сурет: Gov.kz

Бірлескен ресми хабарлама әзірленді.

Ташкентте ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер Қарулы Күштерінің халықаралық әскери ынтымақтастыққа жауап беретін құрылымдық бөлімшелерінің басшылары кездесті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

«Кездесуге Қазақстаннан Қорғаныс министрлігінің Халықаралық ынтымақтастық департаменті бастығының орынбасары, полковник Валерий Вишникин қатысты», - делінген Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінің хабарламасында.

Іс-шара барысында 2022 жылғы сәуірде Өзбекстан астанасында өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің Қорғаныс министрлері кеңесінің күн тәртібі пысықталып, хаттамалар мен бірлескен ресми хабарлама әзірленді.