Қор нарығында теңге бағамы нығая түсті

Қор нарығында теңге бағамы нығая түсті
Сурет: Ria.ru

АҚШ доллары 2,54 теңгеге арзандады.

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Қазақстан қор биржасы (KASE) мәліметіне сілтеме жасап.

Күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа сараланған бағамы 2,54 теңгеге төмендеп, 470,06 теңгеге тең болды. Айта кетейік, доллардың 5 қазандағы ресми бағамы - 472,68 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды сатып алу бағамы - 471 теңге, сату - 475 теңге.