Қор нарығында доллар үшінші күн қатарынан қымбаттап жатыр

Қор нарығында доллар үшінші күн қатарынан қымбаттап жатыр
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті.

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 0,66 теңгеге қымбаттады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Бір АҚШ долларының орташа бағамы 449,89 теңге.

Ұлттық банктің ресми бағамы – 1 долларға 449,30 теңге.

Ресей рублінің орташа сараланған құны - 4,93 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 450 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 451,7 теңге.

Ал Астана қаласы бойынша сату бағамы – 448,5 теңге, сатып алу құны– 453,5 теңге.

Ресей рублі 4,78 – 4,93 теңге аралығында саудаланып жатыр.