Қор нарығында доллар алты теңгеге қымбаттады

Қор нарығында доллар алты теңгеге қымбаттады
Сурет: Almaty.tv

Орташа бағамы 465, 49 теңге болды.

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, теңгенің 1 долларға шаққандағы бағамы қайта өсті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Таңғы сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 30 наурыздың кешімен салыстырғанда 6,34 теңгеге өскен. АҚШ долларының орташа бағамы 465, 49 теңге болды. Ұлттық банктің 31 наурыздағы ресми бағамы -1 доллар үшін 558,20 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, бүгінде Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 461,17 теңгеден сатылса, сатып алу – 466,21 теңге.

Нұр-Сұлтандағы ақша айырбастау пунктілерінде доллар 462, 97 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу құны – 467, 03 теңге.