Геннадий Головкин Жапонияда өткізетін жекпе-жегіне аттанды

Геннадий Головкин Жапонияда өткізетін жекпе-жегіне аттанды
Сурет: Nur.kz

Жекпе-жек 9 сәуірде Сайтамада өтеді.

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) атақты спортшы Риота Муратамен (16-2, 13 КО) үлкен жекпе-жек өткізу үшін Жапонияға аттанды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпарат сілтеме жасап. 

GGG Instagram-дағы парақшасында жолға шыққаны туралы фотосын жариялап, астына «Жақында кездескенше, Жапония!» деген қысқа жазба қалдырды. 

Еске салайық, Головкин мен Мурата арасындағы жекпе-жек 9 сәуірде Сайтамада (Жапония) өтеді. Екі боксшы орта салмақтағы WBA Super, IBF және IBO нұсқалары бойынша чемпиондық титулдар үшін жұдырықтасады.