Қор нарығында доллар бағасы өсті

Қор нарығында доллар бағасы өсті
Сурет: Zakon.kz

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті.

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 1,66 теңгеге қымбаттады. Бір АҚШ долларының орташа бағамы - 458,87 теңге, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Ресей рублінің орташа сараланған құны – 5,96 теңге.

Ұлттық банктің 27 наурыздағы ресми бағамы – 1 долларға 457,29 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, дәл қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллардың сату бағамы – 455 теңге, сатып алу – 459 теңге.

Ал Астана қаласы бойынша сату бағамы 454 теңгеден болса, сатып алу құны – 457 теңге.

Ресей рублі 5,7-5,95 теңге аралығында саудаланып жатыр.