Қор нарығында доллар бағасы арзандады

Қор нарығында доллар бағасы арзандады
Сурет: Informburo.kz

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындылары бойынша, доллардың теңгеге шаққандағы бағамы сәл төмендеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 0, 23 тиынға арзандады. 1 доллар 424, 84 теңге болды.

Ұлттық банктің 23 мамырдағы ресми бағамы – 1 долларға 425, 02 теңге. Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы 424,80 теңге, сатып алу – 429,08 теңге.

Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы 424,18 теңгеден болса, ал сатып алу құны – 427 теңге.