Қор нарығында доллар бағамы төмендеді

Қор нарығында доллар бағамы төмендеді
Сурет: 24.kz

Доллар 1,74 теңгеге арзандады.

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге қатысты бағамы төмендеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 1,74 теңгеге төмендеп, 1 доллар 479, 42 теңге болды.

Ұлттық банктің 23 қыркүйектегі ресми бағамы – 1 доллар үшін 481, 29 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллардың сату бағамы – 481 теңге, сатып алу – 484 теңге.

Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы – 477 теңгеден болса, сатып алу – 481.

Ресей рублі 7,59- 7,79 теңге аралығында саудаланып жатыр.