Қор нарығында доллар бағамы 426 теңге болды

Қор нарығында доллар бағамы 426 теңге болды
Сурет: Otyrar.kz

Алматыда 436 теңгеге сатылып жатыр.

Қазақстан қор биржасында (KASE) 13 мамырда сағат 11:30-да доллардың орташа сараланған бағамы 426,24 теңге болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inbusiness.kz

Kurs.kz деректеріне сүйенсек, елорданың ақша айырбастау орындарында АҚШ валютасын сатудың максималды бағамы 11:40-та 435 теңге, Алматыда 436 теңге.

Ұлттық банктің 13 мамырдағы ресми бағамы 1 долларға 434,76 теңгені құрайды. Келесі күні теңгенің долларға шаққандағы ресми бағамы Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттық қорытындысы бойынша белгіленді.