Қор нарығында доллар айтарлықтай арзандады

Қор нарығында доллар айтарлықтай арзандады
Сурет: Akchabar.kg

416 теңгеден саудалануда.

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындылары бойынша, доллардың теңгеге шаққандағы бағамы сәл төмендеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 7, 56 теңгеге арзандады. 1 доллар 416, 91 теңге болды. Ұлттық банктің 24 мамырдағы ресми бағамы – 1 долларға 424, 84 теңге. 

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы 417, 64 теңге, сатып алу – 422, 44 теңге. 

Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы 416,14 теңгеден болса, ал сатып алу құны – 419, 59 теңге.