Қор биржасында доллар бағамы төмендеді

Қор биржасында доллар бағамы төмендеді
Сурет: Vlast.kz

Бір доллар – 443,57 теңге болды.

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындылары бойынша доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллар бағамы 5,73 теңгеге арзандады. 1 доллар - 443,57 теңге болды. Ұлттық банктің 19 сәуірдегі ресми бағамы – 1 долларға 449,85 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллардың сату бағамы - 447,18 теңге, сатып алу - 450,71 теңге.

Ал, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы - 446,21 теңгеден болса, сатып алу құны - 449,06 теңге.