Көпірге кеме соғылды

Көпірге кеме соғылды
Сурет: видеодан алынды

Американың Балтимор қаласында (Мэриленд штаты) көпір құлады, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz  WTOP радиостанциясына сілтеме жасап.

Сингапур жалауы ілінген үлкен кеме Фрэнсис Скотт-Ки көпірінің бағанасына соғылып, бірнеше секунд ішінде суға құлады. Көпірде көліктерге мінген адамдар болды.

Кеменің өзі өртеніп, Патапско өзеніне батып кетті, деп жазды радиостанция.