Көктеммен келген атаулы күндер

Көктеммен келген атаулы күндер
Сурет: Arigus.tv

1 наурыз – көктемнің алғашқы күні. Жер жаһан асыға күтетін жылдың бұз мезгілі ең әдемі маусымдардың бірі. Бүгін елімізде - Алғыс айту күні. Бұл елдегі тыныштық пен ынтымақтың, қазақстандықтардың бір-біріне деген достығы мен ыстық ықыласын білдіреді. Өйткені Қазақстан жерінде түрлі этнос өкілдері аралас-құралас, тату өмір сүріп келеді. Бұл күн –түрлі этнос қана емес, әр қазақстандықтың бір-бріне деген құрметін, сыйластығын білдіретін күн.

Сондай-ақ, бүгін комплимент айту күні екен. Жылы сөз жанды жылытады. Жанды жадыратыр сөзді күнде айтса да артық емес. Дегенмен, осындай жақсылыққа бастайтын күн әлемде 1 наурыз күні аталып өтеді екен. Оның нақты қай жылы, қай жерде аталып өте бастағаны беймәлім. Бір нұсқалар бойынша комплимент айту күні 2001 жылы Нидерландыдан бастау алған деген мәлімет бар. Біреулер комплименттерін 1 наурызда жаудырса, бәз біреулер асықпай 21 наурыз күнй айтады екен.

Жыл сайын 1 наурыз күні дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні аталып өтеді.

1931 жылы Парижде бірнеше мемлекеттің бастамасымен барлық елдерде екіжақты және көпжақты келісімдер арқылы жергілікті қауіпсіздік аймақтарын құру үшін «Женева аймақтары қауымдастығы» — «қауіпсіздік аймағы» құрылды. Негізін қалаушы Француз медициналық қызметінің генералы Джордж Сент-Пол болды.

Кейіннен қауымдастық Халықаралық Азаматтық қорғаныс ұйымы (International Civil Defence Organization, ICDO; орыс. — МОГО). 1972 жылы ХАҚҰ  үкіметаралық ұйым мәртебесін алды. Қазіргі уақытта ХАҚҰ-ға 60 ел мүше болып отыр , 16 мемлекет бақылаушы мәртебесіне ие, жиырмадан астамы - қауымдасқан мүшелері.  Жұмысты Бас Ассамблея, Атқарушы кеңес және Хатшылық ұйымдастырады.

1990 жылы құрылған Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні ХАҚҰ-ға мүше елдерде әлемдік жұртшылықтың назарын Азаматтық қорғаудың маңыздылығына аудару және апаттар  кезінде халықтың өзін-өзі қорғауға дайындығын арттыру, сондай-ақ ұлттық азаматтық қорғау қызметтері қызметкерлерінің апаттарға қарсы күрестегі күш-жігері мен жанқиярлығына құрмет көрсету мақсатында атап өтіледі

1 наурыз күні кездейсоқ таңдалмаған. Дәл осы күні 18 мемлекет мақұлдаған ХАҚҰ Жарғысы күшіне енді. Жыл сайын Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күнін мерекелеу белгілі бір тақырыпқа арналған.

«Кемсітушілікке жол бермейтін» күн

«Кемсітушілік - бұл адам құқығын бұзу және оны елемеуге болмайды. Әркімнің құрметпен және абыроймен өмір сүруге мүмкіндігі болуы керек», - деген болатын БҰҰ-ның 8-ші Бас хатшысы болған Пан Ги Мун.

«Кемсітушілікке жол бермеу» күні (Zero Discrimination Day) немесе кемсітушілікке қарсы күрес күні 2014 жылдан бастап БҰҰ шешімімен жыл сайын 1 наурызда атап өтіледі. Кемсітушілікке қарсы күрес күнін құрудың бастамашысы Біріккен Ұлттар Ұйымының АИТВ/ЖИТС бойынша біріккен бағдарламасы – БҰҰББ (ЮНЭЙДС) басшылары болды.

Кемсітушілік (латын тілінен discriminatio – бөлу) – бұл адамды «шеттету» және оған  «қысым көрсетуді» білдіреді.  Қазіргі тұжырымдамада бұл сөз адамның құқықтарына әртүрлі белгілермен (әлеуметтік, діни, нәсілдік, ұлттық, жыныстық және т.б.) қысым жасау үшін қолданылады және әртүрлі жолдармен жүзеге асырылуы мүмкін. Бұған барлық заманауи мемлекеттер басынан өткерген тарихи тәжірибе дәлел бола алады. Олардың градациясы тіпті мемлекеттік деңгейде де қорлау мен құқықтарды шектеуге қатысты әділетсіз қатынастардан тұрады.