Көктемгі каникулға шығатын күн алыс емес

Көктемгі каникулға шығатын күн алыс емес
Сурет: Gazeta.uz

Мектептерде үшінші тоқсан аяқталуға жақын.

Бір аптадан соң, оқушылар демалысқа шығады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

ҚР Оқу-ағарту министрлігі ұсынған каникулдар кестесіне сәйкес, оқушылардың көктемгі демалысы 21 наурызда басталып, 31 наурызда аяқталады. Демек, оқушылар 11 күн демалады.

Төртінші тоқсан 1 сәуірде басталады, ол 8 оқу аптасын құрайды. 

Биыл оқу жылының соңғы күні – 25 мамыр. Ал 26 мамырдан бастап үш айға созылатын жазғы каникул басталады.