Қоғамдық көлік қатысуымен болған жол апатына қатысты ПД-ті түсініктеме берді

Қоғамдық көлік қатысуымен болған жол апатына қатысты ПД-ті түсініктеме берді
Сурет: ашық дерекөз

Алматы қалалық полиция департаменті, бүгін - 2023 жылғы 22 желтоқсанда 18 сағат 15 минутта 47-бағыттағы қоғамдық көліктің (жеке тасымалдаушы - «ДуманТрансКом» ЖШС) жолаушысы жанжал салдарынан жүргізуші әйелді ұрғандығын, салдарынан ол есін жоғалтып, көлікті басқара алмай қалғанын мәлім етті, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz. Алматы қалалық полиция Департаменті Баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бақылаудан шығып кеткен қоғамдық көлік аялдамада тұрған адамдарды қағып, төрт көлікпен соқтығысты.

Оқиға салдарынан үш адам қаза тауып, тағы 4 адам дене жарақаттарын алды. Олар ауруханаға жеткізілді.

Қоғамдық көлік жүргізушісін ұрған ер адам ұсталды. Аталған дерек ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Сараптама тағайындалды.

Оқиғаның басқа да мән-жайлары анықталуда.