Қызылордада қатты жел үйлердің шатырын ұшырды

Қызылордада қатты жел үйлердің шатырын ұшырды
Сурет: Kt.kz

Оқиға орнында қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Қызылорда облысы Жалағаш ауданында қатты жел тұрғын үй шатырларын ұшырып әкетті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Egemen.kz сілтеме жасап.

Оқиға 6 шілдеде жергілікті уақытпен сағат 14.30 шамасында болған.

Аудан орталығындағы көп пәтерлі, «Қызылорда су торабы» мемлекеттік мекемесіне тиесілі тұрғын үйлердің шатырлары ұшқан.

«Көп пәтерлі үйдің шатыры және электр бағанасы сол аумақта орналасқан автотұрақтағы 2 автокөліктің үстіне түскен. Сондай-ақ «Қызылорда су торабына» 211-бекет басында орналасқан тұрғын үй шатырының жартысы жерге құлаған», - деді облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бөлім бастығы Нұрбол Исанов.

Департамент мәліметінше, оқиға орнында қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Жергілікті атқарушы органдар комиссиясы жұмыс істеп жатыр.