Қызықты да тартымды көрме

Қызықты да тартымды көрме
inetin-magaz.ru

ҚР Жас суретшілер одағының «Мың бояулы қала» көрмесі

 

Биылғы қыркүйек айында Алматы қаласы күніне орай жас суретшілердің «Мың бояулы қала» атты пленэр-байқау өткізілген болатын. Осы байқауға қатысқан қылқалам шеберлерінің көрмесінің ашылуы 2022 жылғы 1 желтоқсанда Алматы қаласы тарихы музейінде өтеді, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz7

Аталмыш жобаны Жас суретшілер одағымен бірлесе отырып, Алматы қаласы мәдениет басқармасының қолдауымен Алматы қаласы музейлер бірлестігі жүзеге асырған болатын. Жас суретшілерді қолдау және еліміздегі бейнелеу өнерін дамыту мақсатында ұйымдастырылған пленэр-байқауға 35 жасқа дейінгі 60 кәсіби суретші қатысты.

Көрмеге байқауда оза шапқан 30 жұмыс көрермен назарына ұсынылады. Әртүрлі жанр мен техникада жазылған жұмыстар – бір пленэр аясында майлы бояумен әрленген өнер туындылары, Алматының мың бояулы құрама портреті.

Пейзаж бен абстракция, реализмнің қатал заңдылықтарына бағына отырып жасалған жұмыстар суретшінің жеке қолтаңбасын қолдануға кедергі келтірмейді.

Жас суретшілер шығармашылығы – өз стилін, өнердегі өз өрнегін іздеудің айқын көрінісі.

Көрме  желтоқсанға дейін жалғасады.

Өтетін орны мен уақыты: Алматы қ., Қабанбай батыр к., 132

Көрмеге асығыңыз, ағайын!