Қытайға визасыз режим қашан күшіне енеді?

Қытайға визасыз режим қашан күшіне енеді?
Сурет: ашық дереккөз

Тиісті келісімге екі елдің Үкіметі Сианда қол қойған болатын

Бүгіннен бастап Қытайға визасыз режим күшіне енеді, деп хабарлады аlmaty-akshamy.kz. 

Тиісті келісімге екі елдің Үкіметі Сианда қол қойған болатын. Бұл келісімге сәйкес, екі елдің азаматтары жеке істер, туризм, емдеу, халықаралық тасымалдар, транзит, сондай-ақ іскерлік мақсаттарды іске асыру үшін визалық талаптардан босатылады.

Бұл ретте азаматтардың екі мемлекеттің аумағында болу мерзімі мемлекеттік шекараны кесіп өткен сәттен бастап 30 күнтізбелік күннен, ал 180 күнтізбелік күн ішінде жиынтық 90 күнтізбелік күннен аспауға тиіс.

Егер азаматтарға 30 күннен артық болу қажет болған жағдайда тиісті санаттағы кіру визасын алдын ала рәсімдеу қажет. Визасыз режим жұмысқа орналасуға, оқуға және миссионерлік қызметке рұқсат бермейді.