Қытайда жойқын торнадо жүріп өтті

Қытайда жойқын торнадо жүріп өтті
Сурет: Shutterstock.com

Табиғаттың тосын мінезінен оңүстік провинцияда бірнеше тұрғын үй қирады. 

Құйын жағалаудағы елді мекендерді жайпап шықты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz «Хабар 24» арнасына cілтеме жасап. 

Куәгерлердің айтуынша, құйын кенеттен басталған. Желдің екпіні секундына 10 метрден асып кетті. Табиғаттың тосын мінезінен оңүстік провинцияда бірнеше тұрғын үй қирады. 

Аймақта электр желілері үзіліп, ағаштар құлап қалған. Көшеде ғимараттардың шатыры ұшып, тұрғындардың өміріне қауіп төнді. Қазір құтқарушылар апат салдарын жоюға кірісті. Мамандар шығынды есептеуге кірісті. Әзірге зардап шеккендер жайлы ақпарат түскен жоқ.