Қытайда ұшқышсыз әуе таксиі алғашқы рейске шықты

Қытайда ұшқышсыз әуе таксиі алғашқы рейске шықты
Сурет: интернеттен

Әуе таксиі AutoFlight компаниясына тиесілі.

Ұшқышсыз әуе таксиі алғаш рет Қытайдың Шэньчжэнь және Чжухай қалаларының арасына қатынады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Interesting Engineering басылымның мәліметінше, ұшқышсыз әуе таксиі 20 минутқа жуық уақыт ұшқан, қалалар арасындағы қашықтық 55 шақырымды құрайды, бұл жолға әдетте 2,5 сағаттан астам уақыт кетеді екен.

Ұшқышсыз eVTOL электр ұшағының крейсерлік жылдамдығы 200 км/сағ және максималды ұшу қашықтығы 250 км.

AutoFlight 2026 жылға қарай әуе таксилерін коммерциялық мақсатта ұшыруға рұқсат алуды жоспарлап отыр.