Қытайда «Эрис» инфекциясы тез тарап жатыр

Қытайда «Эрис» инфекциясы тез тарап жатыр
Сурет: интернеттен

«Омикронның» бір тармағы саналатын бұл вирус 2021 жылдың қарашасында пайда болған.

«Эрис» әлемнің 50-ден астам елінде анықталып отыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Қытайда «Эрис» инфекциясы жылдам таралып жатыр. Жергілікті дәрігерлердің мәліметінше, сәуірде ковидке шалдыққандар арасында, оны жұқтырғандар 0,6 пайыз ғана болған. Ал тамызда мұндай науқастардың қатары 71 пайыздан асқан. 

«Омикронның» бір тармағы саналатын бұл вирус 2021 жылдың қарашасында пайда болды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәлімдеуінше, ол басқа нұсқаларға қарағанда қоғамдық денсаулыққа көбірек қауіп төндірмейді.

Қазіргі уақытта «Эрис» әлемнің 50-ден астам елінде анықталып отыр. Ал АҚШ-та коронавирус диагнозы қойылғандардың 17%-нан осы штамм расталған.