Қытайда бір адамнан бубон обасы анықталды

Қытайда бір адамнан бубон обасы анықталды
Сурет: Pnp.ru

Қытай шұғыл әрекет ету шараларын қабылдады.

Қытайда адамның бубон обасын жұқтыру дерегі тіркелді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Қытайдың солтүстік-батысында, Нинся-Хуэй аймағында бір адамның бубонды оба жұқтырғаны анықталды. Бұл туралы Қытай мемлекеттік телеарнасына сілтеме жасап Reuters ақпарат агенттігі хабарлады. Қытай ақпарат құралдарының хабарлауынша, оба науқасы Нинся қаласына басқа аймақтан келген, нақты қай жерде екені айтылмаған.

Оба өте жұқпалы ауру және өлім-жітім деңгейі жоғары болғандықтан, Қытай шұғыл әрекет ету шараларын қабылдады. Дегенмен, оқиғаға ұлттық төтенше жағдайларға ден қою жүйесіндегі биологиялық қауіптің ең төменгі деңгейі болып саналатын 4-ші деңгейлі ескерту ғана тағайындалды.

Бубон обасы – жұқпалы ауру. Өлім көрсеткіші жоғары. Оны кеміргіштердің үстінде болатын бүргелер таратады. Ауру белгілеріне дене қызуының көтерілуі, бөртпе, лимфа бездерінінің ісінуі жатады.